2016 жылдың І жартысында, Қазақстанның сыртқы тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 30,5% қысқарып, $28 млрд. құрады. Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттерімен сауда 31% кеміді, - деп жазды finprom.kz. Сыртқы сауданың төмендеуіне, халықаралық нарықтардағы жағдай әсер етіп отыр. Олардың арасында: мұнай бағасының төмендеуі, өзге де экспорттық шикізаттың арзандауы мен ресей мен қытай нарығындағы сұраныстың төмендеуі бар. Экспорт бір жылда 32% кемді. І жарты жылдықта экспорттық өнімдердің негізгі тұтынушылары төмендегідей болды. 47%, ЕуроОдақ, 12,5% және 10,5% сәйкесінше Қытай мен Швейцарияның еншісінде. 9,8% Ресейге тиесілі. Еуразиялық экономикалық Одақ мемлекеттерінің үлесі 10,7% шектелді. 

 

Сурет: vlast.kz

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер