2016 жылдың ІІ тоқсанында халыққа көрсетілген қызметтердің ауқымы 167,9 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 78,3 млрд немесе 87,4 пайызға артты. 2016 жылдың қаңтарынан бері қарай, барлығы 275 млрд теңгеге қызмет көрсетілді. Халық жыл сайын, тұтынып отырған қызметтерінің санын тұрақты түрде арттырып отырады екен. Сондықтан, нарықтағы өсім көрсеткіштері жоғары. ІІ тоқсанда, нарық жаңа белестерді бағындырды. Көшбасында, заңды тұлғалардың компаниялары тұр. Бір жылда олар өздерінің мүмкіндіктерін 5 пайыздық пунктке арттырып алды. Жеке кәсіпкерлердің халыққа көрсеткен қызметтері 28 пайызға артса, заңды тұлғалардікі 74,9 пайызға өскен. Жамбыл облысы халыққа қызмет көрсету көрсеткіші бойынша көшбастап тұр. Екінші орынға Алматы облысы жайғасты. Нақты көрсеткіштерге шаққында Алматы мен Астана бірінші орынды өзара бөлісіп алған. 

 

Сурет: forbes.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер