Тұтынушылардың арасында аса танымал АИ-93 бензин маркасының құны, бір жылда 16,4 пайызға қымбаттап, литеріне 125 теңгеге жетті. Жаз айларында дизель отыны 3,3 пайыз қосып, 99 теңгеге дейін қымбаттады. Ақпаратты Еnergyprom.kz порталы таратты. І жарты жылдықта қазақстандық өндірушілердің өндірістегі үлесі әуежанармайын қоса есептегенде 73,3 пайызға жетті. Бір жыл бұрын аталған көрсеткіш 67,1 пайыздан асқан жоқ. Бензин өндірісі бойынша, Павлодар мұнайхимия зауыты жалпы республикалық көрсеткіштің 45 пайызын өндіріп алды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер