2015 жылы әлемдегі смартфондардың жеткізілімі 10,4 пайызға төмендеп кеткен еді. Биыл аталған көрсеткіш 1,6 пайызды құрап, 1,5 млрд. данаға жетеді. Техникалық және инновациялық жаңалықтың жоқтығына орай, International Data Corporation осындай болжамды құрап отыр. Айтарлықтай төмендеу, дамыған елдерге жеткізіліп отырған өнімнің аздығымен байланысты болады. Мысалы, АҚШ, Канада, Жапония мен Батыс Еуропа жылдық көрсеткішке шаққанда 0,2 пайызға құлдырайды. Себебі, смартфондардың саудасы ондағы техникалық мүмкіндіктер мен жаңалықтарға байланысты болады, олай болмаған кезде, адам ескісімен жүре береді. Планшетофондардың тасы өрге домалады. 2020 жылға дейін олардың құны қазіргі бағадан 27 пайызға азайып, 304 доллар болады деп күтілуде. 5,4 дюймнан кіші смартфондардың бағасы бар болғаны 12 пайызға қысқаратады. 264 доллар. 

 

 

 

Сурет: korrespondent.net

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер