Грекия ауқымы 2,8 млрд. еуро болатын, қаржылай көмектің кезекті траншын, талаптардың барлығын орындамайынша ала алмайды. Барлығы кредиторлар 15 талапты қойып үлгерген. Алайда, бірінші транштың өзі белгілі бір талаптармен берілген еді, олар орындалған кезде, қаржы шотқа түсті. Бұл осы бағдарламаның ерекшелігі. Еуротоп өкілдері жылдың басында Грекияға 10,3 млрд. еуроны бөліп-бөліп беруге келіскен екен. Алғашқы 7,5 млрд. еуролық транш маусым айында берілді. 2,8 млрд. еуро, мемлекетке салынып отырған 15 талаптың барлығы орындалған кезде, аударылады. Олардың арасында, жекешелендіру, қуат саласындағы реформалар мен банктерді басқару жүйесінің өзгертілуі ерекше көзге түсті. Осы жобалардың барлығы қыркүйектің ортасында дайын болады деп күтілген екен. 

 

 

 

Сурет: www.km.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер