2016 жылдың 7 айында Қазақстандық банктер орташа есеппен алғанда айына 900 млрд. теңге пайда тауып отырды. Активтер несиелік және өзге де құралдарға орналастырылып отырған. Кірісті активтердің портфельі 20 трлн. доллардан асып, кірістілік 4,5 пайыздың шамасында болды. 2016 жылдың шілде айында коммерциялық банктер, қаржысын несие мен өзге де құралдарға сала отырып, 922,5 млрд. теңге пайда тапты. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 11,6 пайызға артық болып шыққан. Ең ірі банктердің кірістілігі жоғары болып отыр. Олар ауқымды несиелерінің арқасында нарықта ерекше көзге түсті. 

 

 

 

Сурет: kapital.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер