Қор биржасының құралдары, кірістілігі бойынша, қазақстандықтарға тиімді бола алады. Қазақстан қор биржасының орталық депозитарийінің статистикасына сүйенер болсақ, бірінші жарты жылдықта жеке тұлғалардың шоттары 100 мыңнан асып кетті. Аталған көрсеткіш уақыт өткен сайын өсіп барады. Оған әсер ететін, тағы бір фактордың арасында, ірі өндірістік компаниялардың нарыққа шығатындығы да бар.

 

Андрей ЦАЛЮК, KASE БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Осындай IPO-лардың ұйымдастырылуы инвесторлардың санын арттырып жібереді. Көп адам оған қызығушылық таныта бастайды. Теңгеге сенім артып жатқан кезде, бұл өте маңызды. Себебі, банктердегі өнімдердің кірістілігі жоғары болып отыр. Алайда, кейбір компаниялар осы кірісті одан да жоғары етуге уәде берді. Бірақ олардың тәуекелдері де әлде қайда артып отырады.

 

Осы жерде, жеке тұлғаларға қызық болатындай өзге де шешімдер пайда болды. Ең бастысы олардың кірістілігі, банк өнімдерінен жоғары болып барады.

 

Андрей ЦАЛЮК, KASE БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

ҚазТрансОйл, KCell және KEGOK IPO-ларын өткізіп алды. Кейін BAST қазір Жанар-жағармай бекеттері өздерінің құнды қағаздарын сатып жатыр. Ауыр кезеңде акцияларын нарыққа шығарған KEGOK-тың өзі, 50 пайыздық кірістілікті көрсетті. Бұл өте жақсы көрсеткіш. ҚазТрансОйлдың кірістілігі 38-40 пайыздың шамасында болған. Қалай болғанның өзінде, бұл депозиттің көрсеткіштерінен әлді қайда жоғары. BAST одан да ірі кірістілікті берген еді. Сондықтан, KASE-де жеке тұлғалар үшін орналастырылған құнды қағаздар тартымды болып отыр.

 

Алайда, кірістілік жоғары болған сайын, тәуекелдер де арта береді. Бұл барлығына бірдей заң. Сондықтан, нарықта еңбек етіп жүрген жеке тұлғалар мен ірі компаниялар ақпараттарды жіті бақылап, байыптылықпен қаржы салып отыруы қажет. 

 

 

 

Сурет: tengrinews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер