Сауд Арабиясы жалпы құны 20 млрд. доллар болатын, мемлекеттік бағдарламаларды қысқартуды жоспарлап отыр. Себебі, бюджеттің тапшылығы артып барады, - деп жазды Bloomberg агенттігі. Сондай-ақ, патшалық министрліктердің 25 пайызын қысқартады. Қазіргі таңда, елдің бюджетіндегі тапшылық 20 дамыған елдердің арасындағы ең ауқымдысы болып отыр. Барлығы құны 69 млрд. доллар болатын 1000 шақты жоба қайта қаралады. 2015 жылы мұнай бағасының төмендеуіне байланысты, Сауд Арабиясының экономикасы 98 млрд. доллардан қағылып қалды. Халықаралық валюта қорының хабарлауынша, биыл Таяу Шығыс мемлекеттерінің бюджетіндегі тапшылығы 150 млрд. долларға жетеді. 

 

 

 

Сурет: kommersant.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер