2016 жылдың 7 айында Қазақстан экономикасына салынған инвестициялардың ауқымы 1,3 трлн. теңгеге жетті. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 25 пайызға артық. Тек қана 2016-ның шілдесінде эконономикаға 181 млрд. теңге келген, бұл 2015-тің шілдесінен 5,3 пайызға артық. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың ауқымы шілде айында 647 млрд теңге болса, оның 28 пайызы ғана шетелдік инвестицияларға тиесілі болды. Себебі, кәсіпорындардың жекеменшік инвестициясы артып, мемлекеттік бюджеттің аударымдары көбейді. Мұнай саласы инвестициялар үшін тартымды болып отыр. 7 айда елге салынған инвестициялардың 50 пайызы Атырау облысына тиесілі болды.

 

 

 

Сурет: invest.mid.gov.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер