Доллар құны Америка нарығының еңбек статистикасы шығар алдында төмендеп барады. Қазірдің өзінде иенаның құны долларға шаққанда 102-ге төмендеді. Еуро 1,1-ді құрап отыр. АҚШ-тың 6 негізгі сауда әріптестерінің валюталарына шаққандағы доллар бағамы 0,08 пайызға төмендеп, 94,88 пунктті құрады. Келесі аптада ел Үкіметі статистикалық ақпараттарды жариялайтын болады. Алдын-ала есеп бойынша, еңбек нарығындағы бір апталық тапсырыстардың саны 2 мыңға артып, 265 мыңды құрайды. Төмен статистикалық көрсеткіштер, доллар бағамына жағымсыз әсер етеді. Тамыз айында елдегі жұмыссыздық шілденің көрсеткіштері, 4,9 пайыз болып қалды. Ауылшаруашылығы емес саласында құрылған жұмыс орындары 151 мыңнан асты. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер