Тәжікстанда мақта жинауға кірісті. Ел шаруалары барлық күшті егіс алқаптарына жіберген деп хабарлады ауылшаруашылығы министрлігінің өкілдері. Барлығы биыл 368 мың тонна мақта-шикізатын жинау жоспарланып отыр. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 16,5 мың тоннаға артық. Биыл 162,5 мың гектар жерге егін егілді. Айта кетер жайт, мақта Тәжікстанның алюминийден кейінгі ең маңызды экспортты тауары. 

 

 

 

Сурет: kazakh-zerno.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер