2017 жылдың соңына қарай, Brent-тің құны баррельіне 70 долларға дейін жетуі мүмкін. Бұл жайында Forex Club компаниялар тобының ақпараттарына сілтеме жасай отырып, Tengrinews.kz хабарлап өтті. Тамыз айында негізгі маркалардың құны күрт өсіп кетті. Оған ОПЕК-тің мұнай өндірісін төмендетуі жайындағы бастамасы әсер етті. Қыркүйектің 26-28-і аралығында Алжирде өтетін жиында, ұйымға мүше мемлекеттер осындай шешім шығаруы ықтимал. Қазірдің өзінде, Венесуэла бір күндік мұнай өндірісін 200 мың баррельге қысқартты. Нигерияда шет қалған жоқ, Ливия мүлде өндірісті доғарған. Ресей орташа есеппен алғанда мұнай өндірісін 300 баррельге кемітті. АҚШ 2014 жылдан бері қарай өндірісті 800 мыңға азайтты. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер