Facebook компаниясының негізін қалаушысы, әрі бас директоры Марк Цукерберг қайырымдылық үшін құны 95 млн. доллар болатын, 760 мың дана акцияларын сатты, - деп хабарлады Bloomberg. Акцияны сатуды Цукерберг отбасының қоры ұсынған еді. Бір қағаз 123-125 доллардың аралығында сатылды. Желтоқсан айының басында Марк Facebook-тың 99% акциясын қайырылымдылық үшін сататын болады деп хабарлаған еді. Forbes басылымының деректеріне сүйенер болсақ, Цукерберг IT-технологиялар саласындағы 100 бай адамның арасында 54 млрд. долларлық қаржысымен 3-ші орынды иеленіп алды.

 

 

 

Сурет: www.theinformation.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер