Ресейдің Орталық банкінің хабарлауынша, 2015 жылы Ресейден Өзбекстанға жіберілген қаржының ауқымы $3 млрд. жетті. Бұл 2014-тің көрсеткіштерінен 46, 2013-пен салыстырғанда 54% кем болып отыр, - деп жазды РБК. Биыл да еңбек мигранттарының жіберіп отырған қаржысы қысқарып, бірінші жарты жылдықта $378 млн. болды. 2 еселік төмендеу. Еуропаның даму және қайта құрылымдау банкінің хабарлауынша, биыл Өзбекстанның экономикасы 6,5% артады. өткен жылы өсім 8% еңсерді. Бұған аударылған қаржының аздығы әсер етті. 2013 жылы елге аударылған қаржының үлесі ІЖӨ-імге шаққанда 12% құраған еді. 2015 жылы аталған көрсеткіш 5% да жеткен жоқ. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер