Ағымдағы жылдың соңына қарай, Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы, 9 млн. тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға артады, - деп хабарлады Kapital.kz Қазақстан темір жолы компаниясының өкілдеріне сілтеме жасай отырып. 2015 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 7 млн. 89 мың тоннаны құраған еді. 2016-ның 7 айында Достық – Алашанькоу және Алтынкөл – Қорғас шекара маңындағы орталықтары арқылы 4 млн. 495 мың тонна жүк тасымалданды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 127 мың тоннаға көп. Қытай-Еуропа-Қытай бағыты бойынша Қазақстанның территориясы арқылы 554 контейнерлі пойыз өтіп, бұл 2,5 есеге артық болды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер