2015 жылы әлем елдері барлаған мұнайдың қоры 70 жылда болып көрмеген төмен деңгейге жетті. 1960 жылдан бері қарай, геологиялық барлау компаниялары 10 есе аз мұнайды тапты. Ағымдағы жылы аталған көрсеткіш одан да аз болуы ықтимал, - деп хабарлайды Wood Mackenzie консалтингтік компаниясының өкілдері. Соңғы 2 жылдың ішінде мұнай бағасы 2 есеге арзандап кетті. Сондықтан, салаға салынып жатқан инвестициялардың ауқымы да азайған. 2015 жылы жаңа 4,7 млрд. баррель мұнай қоры барланды, бұл 1947 жылдан бері қарай болып көрмеген жағдай. 2016 жылдың шілде айына шаққанда 736 млн. баррель мұнай барланды. 2 жылда салаға құйылып отырған инвестициялардың орташа ауқымы 100-ден 40 млрд. долларға жетті. 

 

 

 

Сурет: www.interfax.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер