Азияның даму банкі Қазақстанға көлік дәліздерін жөндеуге 240 млн. доллар несие берді, - деп хабарлады Kapital.kz. Жоба аясында, Ақтөбе-Мақат тас жолының 300 шақырымы жөндеуден өтіп, жол жүру қауіпсіздігі реттеледі, логистиканың мүмкіндіктері артады. Бұл еліміздің Батысындағы маңызды көлік дәліздерінің бірі. Тас жол, Астана мен Ақтөбені қосатын болады. Кейін, табиғи қазбаларға бай, Мұнай өңдеу зауыты бар Атырауға жетеді. Ары қарай, жол Ақтауды басып өтеді. Бұл жол, Каспий маңындағы мемлекеттерді біріктіріп отыр. Баку - Астрахань - Атырау - Ақтөбе – Актау және Түркменістан шекарасына дейін салынған. Тас жол Қазақстанды Әзірбайжанмен және Батысында Еуропамен, солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Түркменстанмен біріктіріп отыр. 

 

Сурет: www.kvelitet.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер