Ағымдағы жылы жылжымайтын мүлік нарығындағы белсенділік артып, нарықтағы компаниялардың кірісі 3 есеге көбейді. Айтарлықтай белсенділік, кірісі 4 есеге артқан кішігірім компанияларға тиесілі болды. Ақпаратты finprom.kz таратып отыр. 2016 жылдың І жартысында бас аяғы 87900 сату және сатып алу келісім шартына қол қойылды. Бұл өткен жылғыдан 13 пайызға артық. 2015 жылы нарық 2014 жылғы төмендеуден кейін ретке келе бастады. Сол жылы төмендеу 14 пайызды еңсерген екен. Өткен жылы барлығы 5 пайыздық өсім болды. І жарты жылдықта кішігірім компаниялардың кірісі 276 млрд. немесе жалпы нарықтың 77 пайызын құрады. 2015-те аталған көрсеткіш 64 пайызбен шектелген еді. Кіші секторда саланың 73 пайызы немесе 64 мың адамы еңбек етіп жатыр. Бір жылда жылжымайтын мүлік саудасынан түскен қаржының ауқымы 31 пайызға артып, қаржыға шаққанда 33 млрд теңгеге өсіп кетті. Кірістің өсіміне, кәсіпорындар пайдасының артқандығы әсер етті. 

 

 

 

 


Сурет: www.volga-info.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер