Бір жылда Қазақстандық шипажайларда демалып жүрген адамдардың саны 1,5 есеге артып кетті. Айтарлықтай белсенділік, Алтай, Шортанды-Борабай, Зеренда мен Алматы облысындағы демалыс орындарына тиесілі болды, - деп жазды ranking.kz. 2016 жылдың қыс айларында Қазақстандық курорттарда 96 мың адам демалды. Алтай мен Борабай көшбастап тұр, 58 мың адам. Қазақстанның шипажайлары 8 облыста орналасқан. Онда бірден 40 мың адам сыйады. Соңғы 10 жылдықта нарықтың белсенділігі орташа есеппен алғанда жылына 15 пайызға артып отырды, өткен жылғы өсім 9 пайыз. Ақмола, Алматы мен Шығыс-Қазақстан облыстарының шипажайлары, сәйкесінше 14, 47 және 14 пайызға өсті. Барлығы бір жылда саланың кірісі 7,7 млрд. теңгеге жетті. 

 

 

 


Сурет: altaynews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер