Мамырдың 1-іне шаққанда Беларусь елінің мемлекеттік қарызы 13,1 млрд. долларға жетті. Өсім 652 млн-ды құрап отыр. Ақпаратты республиканың қаржы министрлігі таратты. 2016 жылдың қаңтар-сәуір айларында Беларусь 781,4 млн. доллар қарыз алды. Оның арасында 500 млн-ы Еуразияның даму және тұрақтандыру қоры, 153 млн. Ресей Үкіметі мен банетерінің қарыздары, 111 млн Қытай банктерінің қарыздары, 17,3 млн. доллар өзге ұйымдарға тиеслі болды. 2016 жылдың басынан қарызды өтеуге 244,1 млн. доллар бағытталды. Мемлекеттік қарыздың ең жоғарғы шегі 17 млрд-ты құрап отыр.

 

 

 

Сурет: www.evroflag.by

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер