2016-2017 жылдары Самұрық-Энерго инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға 224 млрд. теңге бағыттайды, - деп жазды «Интерфакс-Қазақстан». 2016 жылы құрылым Ақтөбедегі жылу қуат орталығының жөндеу және қалыпқа келтіру жұмыстарын аяқтайды. Нөмірі 3-ші құбырагрегатын алмастырады. Сондай-ақ, биыл Алматыдағы жылу қуат орталығының жөндеу жұмыстары аяқталады. Жоба Универсиада-2017-нің нысандарын қуатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жылына қосымша 450 млн. киловатт сағат қуат өндіріліп отырады. Самұрық-Энерго, Екібастұз ГРЭС-2, Өскемен, Бұқтырма, Шардара, Мойнақ ГЭС-саларына, Алматы қуат стансалары компаниясы, Ақтөбе ТЭЦ, Екібастұз ГРЭС-2 мен Шүлбі және Балқаш қуат стансаларына иелік етіп отыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер