Ағымдағы маркетингтік жылда Украина ЕО-ққа астықты молынан жеткізді. Бұл жайында елдің экономикалық даму және сауда министрінің орынбасары Наталья Микольская мәлім етті. Қазіргі таңда ЕО-ққа 1,6 млн. тонна астық жеткізілді, бұл жоспардың 49 пайызы. Осы көрсеткіштер бойынша біз АҚШ, Канада мен Ресейді артта қалдырдық, - деп жазды ол өзінің Фейсбук парақшасында. Қазіргі таңда, украиналық экспорттаушылар салықсыз сауда келісім шартының аясындағы мүмкіндіктің барлығын пайдаланып болды. Бұл 950 млн. тонна. Қосымша, жеткізіліп отырған тауарға салықтың салынуы әзір белгісіз болып қалған. 

 

 

 

Сурет: ports.com.ua

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер