Аса қатты танымал емес қытайлық брендттермен бәсекеге түскен Apple мен Xiaomi қытайлық нарықтағы үлесін жоғалтып жатыр, - деп жазды Financial Times. Оларды аккумуляторы жылдам қуаттанып отырған Oppo мен камераларына premium линзаларды салған Huawei артта қалдырды. Ақпаратты Ведомости таратып отыр. ІІ тоқсанда әлемдік нарықтағы смартфондардың саудасы 4,3 пайызға артып, 344 млн. данаға жетті. Ең көп телефон сатқан Оңтүстік Кореялық Samsung болды. Оған нарықтың 22,3 пайызы тиесілі. Барлығы 76,7 млн. смартфон сатылды. Кейінгі орын нарықтың 13 пайызына иелік етіп отырған Apple-ға бұйырды. Ол 44,5 млн. айфон сатқан. Samsung пен Apple-ден кейін Huawei, Oppo және Xiaomi сынды қытайлық брендттер жайғасты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер