Шетелдік компаниялардың брокерлік қызметтерге ресми түрде қол жеткізуі халықаралық нарықтардағы инвесторларға отандық нарыққа еркін шығып отыруына мүмкіндік беріп, қазақстан қор биржасының дамуына жағдай жасайды. Қазіргі таңда, елде 10 шақты сауда жүесі еңбек етіп жатыр. Олардың арасында танымал Forex бар. Жыл сайын биржа маңындағы құралдармен қаржы тауып отыруға келіп отырған қазақстандықтардың саны артуда.

 

Ильдар ШАЯХМЕТОВ, АЛМАТЫДАҒЫ FOREX CLUB БӨЛІМШЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 

Статистикаға сүйенер болсақ, бұл жасы 25-тен асқан, жоғары білімді ел тұрғындары. Олардың кәсіби экономикалық білімі жоқ. Орташа табыстағы өз салалардың адамдары да жиі келеді. Аталған нарық қосымша қаржыны тауып отыруға жақсы мүмкіндік береді. Ешқайсы бір қаржы құралы, қор биржасынан таба алатын табысты бере бермейді.

 

Қазіргі таңда көптеген компаниялардың қазақстандық мәртебесі жоқ. Олар шетелдік жүейлердің делдалдары болып отыр. Олардың қызметтерін ұсынады. Халықты қор биржасындағы құралдар, валюта, акциялармен еңбек етіп отыруға үйретеді. Жақында ғана Қазақстанда төлем жүйелері жайында қабылданған жаңа заң жобасы, қаржы нарығының дамуына қосымша серпін береді.

 

Ильдар ШАЯХМЕТОВ, АЛМАТЫДАҒЫ FOREX CLUB БӨЛІМШЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 

Менің ойымша, бұл лицензиядан өту қажет. Инвестор қаржысының қайта кетіп жатқандығын уайымдап, алаңдап отырмауы шарт. Кепілдің болған жақсы. Себебі, заң жүзінде елде тіркелген компанияның жауапкершілігі болады.

 

Қалай болғанның өзінде, қор биржасы ойын үшін емес, қаржы тауып отыру үшін ашылған алаң. Инвестор кез-келген келісім шартты саралап алып, кейін қаржы салуы қажет, - дейді сарапшылар. 

 

Сурет: infofx.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер