Әлемдегі бай-қуатты адамдар, өздерінің салымдарын нарықтардан қайтарып жатыр. Себебі, америкадағы сайлау мен жалпы экономикалық төмендеу инвесторлардың сеніміне жағымсыз әсер етіп отыр. Қазір үйде жалпы айналымдағы жүрген қаржының 5/1 бөлігі сақталған, - деп жазды "Российская газета". Wealth-X компаниясының мамандары, жалпы жинақтары 7,7 трлн. доллар болатын, 2 473 миллиардердің қаржысын саралап өткен еді. Осылайша, олардың 22 пайызы әрбір 10 доллардың 2,2-сі үйде жатқандығын білді. Бұл 2010 жылдан бері қарай, ең ауқымды көрсеткіш. Сала мамандары, бұған әсер етіп отырған бірнеше факторды атап өтті. Олардың арасында, жалпы геосаяси тұрақсыздықтар, террористтік шабуылдар мен Brexit-тің әлемдік экономикаға беріп отырған әсері және Америкада өтейін деп жатқан сайлау бар. Миллиардерлер активтерін 2014-2015 жылдары сата бастады. Алайда, капиталды бірігулер мен сатып алулар арқылы шығарып отырған келісім шарттардың саны өзінің рекордттық шегіне жеткен. Әзір бұл қаржы нарыққа қайтпайды дейді мамандар. 

 

Сурет: news.rambler.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер