1,5 жылдық төмендеуден кейін, дамушы мемлекеттердің валюта қорлары өсіп жатыр, - деп жазды Financial Times. Төмендеуге, капиталдың айналымнан шығарылуы, ағымдағы операцияларға қаржының жетіспеушілігі мен шикізат бағасының арзандауы әсер етті. Тек қана Қытайда 2014 жылдың маусым айынан 2016-ның наурызы аралығында қордың ауқымы 20 пайызға кеміді. Ақпаратты Ведомости басылымы таратты. Ағымдағы жылы дамыған елдердің инвесторлары дамушы нарықтарға шыға бастады. Себебі, АҚШ пен Еуропаның пайыздық сыйақылары төмен болып, бұл қор биржаларының кірістілігіне жағымсыз әсер етіп отыр. Өткен аптада теріс кірістілікпен саудаланып отырған облигациялардың ауқымы 13,4 трлн. долларды құрады. Инвесторлардың пайымдауынша, тәуекелі жоғары дамушы мемлекеттердің құнды қағаздарына сұраныстың артуы осы елдердің ОБ-терінің ұстанып отырған жұмсақ саясаты әсер етті. Дамушы елдердің 14,1 млрд. долларға облигациялары сатылды. Morgan Stanley-дің келтірген ақпараттарына сүйенер болсақ, 31 негізгі дамушы мемлекеттердің жиынтық активтері соңғы 3 айда 1 пайызға артып кетті. Жыл басынан өсім, 100 млрд. долларды құрады. 

 

 

 

Сурет: www.novoye-vremya.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер