Ағымдағы жылдың 7 айында Астанада 1 311 645 шаршы метр тұрғын үй қолдануға берілді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 23,4 пайызға артық болып отыр. 11 987 пәтердің кілті тұтынушыларға берілді, - деп хабарлады Астана әкімінің баспасөз қызметі. Жекеменшік құрылыс саласының көрсеткіштері 112 140 шаршы метрге жетті, - деп жазды Елорданың статистика департаменті. Бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 3,7 есеге артық болып отыр. Жекеменшік құрылыс саласының үлесі өткен жылғы 2,8-ден 8,5 пайызға жетті. Тұрғын үй құрылыс саласына бағытталған инвестициялардың ауқымы 74 144,8 млн. теңгеге жетті. Бұл өткен жылғы көрсеткіштің 99 пайызы. 

 

Сурет: pda.kabar.kg

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер