Еуропа мен Жапонияның ОБ-тері енгізіп отырған теріс ставкалар әлемдік ІЖӨ-імнің үлесін 25 пайызға қысқарып, 500 млн. адамның кірісіне жағымсыз әсер етті, - деп хабарлайды Standard & Poor’s. Наурыз айында Еуропаның ОБ-кі пайыздық сыйақысын 0,05-тен 0-ге, несиелер бойынша 0,25-ке, депозиттер бойынша минус 0,4 пайызға төмендеткен еді. Осылайша, реттеуші орган экономикалық өсімді қолдап, инфляцияның өсімін қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Соңғысының ауқымы әлі де 2 пайызға жеткен жоқ. Теріс ставкаларды Дания, Жапония, Швеция мен Швейцарияның банктері енгізіп алды. S&P теріс ставкалар кейін сол елдердің экономикалық өсіміне әсер етіп, олар қосымша шараларды қабылдап отыруы шарт болады деп ескерту жасады. 

 

Сурет: kapital.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер