Қазақстандық қалалардағы жылжымайтын мүліктің құны тек қана теңгедеге емес, долларда да арзандап отырды. Ақпаратты Kapital.kz іскерлік орталығы таратып отыр. Ағымдағы жылдың І жартысында Астанадағы бір бөлмелі ескі үйдің құны 11 млн. 900 мың теңгеге жетті. Алматы 11 млн. 754 мың теңгемен 2-ші орында. 3-ші орында Ақтау, 8 млн. 818 мың теңге. Ең арзан пәтерлер, Тараз, Өскемен және Қызылордада. 5 млн. 261 мың, 5 млн 113 мың және 4 млн 409 мың теңге. Айта кететін жайт, тек қана бір бөлмелі пәтерлер арзандаған жоқ. Алып көлемді пәтерлердің бағасы төмен кеті. Мысалы, Алматыдағы 3 бөлмелі үйдің құны 9 пайызға арзандап, 22 млн. 384 мыңды құрады. 2 бөлмелі пәтердің бағасы 4 пайызын жоғалтып, 16 млн 870 мыңға жетті. 

 

Сурет: www.almaty.tv

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер