2016 жылдың басынан БЖЗҚ-ы активтерінің кірістілігі 6,5 пайызға жетті. Бұл осы уақыт аралығындағы инфляциядан жоғары болып отыр, - деп хабарлайды Kapital.kz ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Таза инвестициялық кіріс 379 млрд. теңгеге жекен. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 222 млрд. теңгеге артық болып отыр. Тамыздың біріне шаққанда қорда жинақталған қаржының ауқымы 6,3 трлн. теңгеге жетті. Жеке келісім шарттардың ауқымы 10 млн-нан асты. Міндетті зейнетақы төлемдерінің ауқымы 9,7 млн-ды құрап отыр. Кәсіби зейнетақы келісім шарттардың саны 405 713, ерікті зейнетақы төлемдерінің саны 39 075-ті еңсерді. Жыл басынан қордың жасаған төлемдері 106,5 млрд. теңгеге жетті. 11 млрд. теңге сақтандыру компанияларына бағытталды. 

 

 

 

Сурет: qostanay.tv

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер