Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында қытайлық инвесторлар шетелдік нарықтарға 103 млрд. тікелей инвестицияларды бағыттады. Барлығы әлемнің 156 еліндегі 5 465 компания қолдауға ие болды. Өткен жылға шаққанда инвестициялардың өсімі 62 пайызға жетті. Коммерция министрлігінің хабарлауынша, шілде айында Қытай шетелге 13,8 млрд. доллар инвестиция салды. Маусымға шаққанда аталған көрсеткіш 9,5 пайызға артық болды. Компаниялардың бірігуі арқылы негізгі өсім тіркелген. АҚШ, Германия мен Австралияға салынған қаржының ауқымы сәйкесінше 210,200,5 және 74 пайызға артты. 

 

 

 

Сурет: www.uglc.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер