2016 жылдың соңына қарай Nokia компаниясы, нарықты жаңа өнімдерімен таныстырып, 2017 жылы олар саудаға шығарылатын болады, - деп жазды The Paper басылымы, компанияның Қытайдағы атқарушы директоры Майк Ванға сілтеме жасай отырып. Ванның пайымдауынша, компания жаңа құрылғыларды қыркүйек айында көпшілікке таныстырады. Барлығы 3-4 жаңа өнімді ұсыну жоспарланып отыр. Алайда, ол тек қана смартфондар емес, планшеттер де болуы ықтимал. Барлық құрылғы Android жүйесімен басқарылып отырады.

 

 

 

Сурет: www.pricepony.com.my

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер