Standard & Poor's 500 индексіне кіріп отырған компаниялар бір жылда таза кірістерінің 38 пайызын дивиденттер төлемдеріне бағыттады, бұл 2009 жылдан бері қарай болып көрмеген жағдай -, деп хабарлайды The Wall Street Journal FactSet компаниясының зерттеулеріне сілтеме жасай отырып. 2-ші тоқсанда 44 компанияның дивиденттері өздерінің таза кірістерінен жоғары болды. Олардың арасында фармкомпания Pfizer, алюминий өндірушісі Alcoa және азық-түлік компаниясы Kraft Heinz бар. Компаниялар дивиденттер төлемдерін арттыру арқылы, құнды қағаздарына сұранысты көбейтіп отыр. Инвесторлар да төлемдердің арттырылуын талап етуде. Компания басшылығы олардың көңілінен шығу үшін қолдан келгеннің барлығын жасауда. Осылайша, қазір дивиднеттердің кірістілігі АҚШ-тың мемлекеттік 10 жылдық облигацияларынан жоғары болып қалды. Apple дивиденттер төлемі бойынша бірінші орындар тұр, барлығы компания бір жылда 12,5 млрд доллар төледі. Екінші орында Эксон Мобил тұр, 12,4 млрд. 

 

 

 

Сурет: www.thrillist.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер