Шығыс-Қазақстан облысындағы Тұрғұсұн су қуат стансасының құрылысына Қазақстанның даму банкі 5 млрд. теңге бөледі. Негізгі құрылыс жұмыстарынан кейін, Тұрғұсұн өзенінің бойында тағы бірнеше станса қалау жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Даму банкінің басшысы Болат Жәмишев. Су қуат стансасының қуаттылығы 25 мегаватты құрайтын болады. Жылына ол 79,8 млн. киловатт сағатты өндіріп отырады. Аталмыш стансаның құрылысы облыстың қуат тапшылығын шешуге мүмкіндік береді. Қазір облысқа жылда жетпей жүрген 62 млн. киловатт сағатты өндіріп отырады. Ауаға лақтырылып отырған қалдықтардың ауқымы 680 тоннаға азаяды. Су қуат стансасының инфрақұрылымы аймақтың көлік дәліздері мен ақпараттық мүмкіндіктерін жетілдіреді. 

 

Сурет: kapital.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер