2016-шы ауылшаруашылығы жылында Ресейдің астық экспорты 40 млн. тоннаға жетеді. Оның 26-30 млн-ы бидайға тиесілі болады, - деп хабарлады агрокешен нарықтарын қадағалау департаментінің басшысы Владимир Волик. Рубль құнының арзандауына байланысты, ауылшаруашылығы министрлігі баға саясатын өзгертуді жоспарлап отырған жоқ. Өткен жылы Ресей 34 млн. тонна өнімді экспортқа шығарып, оның 24,5 млн-ы бидайға тиесілі болды. Осылайша, көрші ел АҚШ пен Канаданы артты қалдырды. Биыл бас-аяғы Ресей 106-110 млн тонна астықты жинайды. Өткен жылы 104,8 млн тонна өнім жиналды. Оның ішінде бидайға 61,8 млн. тонна тиесілі. 

 

Сурет: nistmep.blogs.govdelivery.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер