Биыл Қазақстандағы астық қоры 15 млн. тоннаны құрайтын болады. Бір ай бұрын болжам 13-тен аспаған еді, - деп жазды Интерфакс-Қазақстан АҚШ-тың ауылшаруашылығы министрлігінің өкілдеріне сілтеме жасай отырып. Қазақстандық экспорттың ауқымы 14,3 пайызға ұлғайтылып, 8 млн. тоннаға жетті. Импорт сол қалпы, 60 мың тоннаның шамасында қалған. 2015 жылы елде 18,7 млн. тонна астық жиналған еді. Бұл 2014-тен 8,8 пайызға артық. Дүниежүзі мемлекеттерінде биыл барлығы 729 млн тонна астық жиналады, 2014-те 736 млн. тонна жиналды. 

 

 


Сурет: www.express-k.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер