Қазақстанның фармацевтика нарығы өзгеріп жатқан экономикаға бейімделіп жатыр. Провизорлар тұтынушылардың көңіліп табу үшін, қолдан келген мүмкіндіктердің барлығын қолданып жүр. Өзгерістерге, доллар мен еуроның теңгеге шаққандағы бағамы әсер етті. Осының арқасында халықаралық компаниялардың еліміздегі саудасы қысқарып барады. Бұл тасымалданып отырған дәрілердің санын азайтты. Енді, құрылымдардың маркетитнгтік саясаттары қайта қаралып, компаниялар жеңілдіктерді ұсынып жатыр.

 

Александр Югай, Sanofi ОА және Кавказ, бас менеджері:

Тұтынушылар қымбат дәрілердің орнына арзан түрлерін таңдайтын болған. Үндістан мен Қытайдан келіп жатқан өнімдердің саны артты. Көптеген Ресейлік компаниялар нарыққа шығып ұлгерді. Бұл қазіргі негізгі бағытымыз. Бір қорап дәрінің орташа құны төмендеді.

 

Бұдан бөлек, сарапшылар, отандық өндірушілердің тұрақты өсімін байқап отыр. Осыған орай, әзір шетелдік компаниялардың жұмысы өзгереді деп айтқан ерте.

 

Александр Югай, Sanofi ОА және Кавказ, бас менеджері:

Қазақстандағы нарықтың ауқымы өзгерістер енгізетіндей үлкен емес. Себебі, елде өндіріс орнын ашқан бұл қосымша қаржылай шығындарды талап етеді. Бұдан бөлек, елдегі тұтынушылардың саны аз, сондықтан, шетелде көптеген адамдарға өндірілген дәрілер арзандау болады.

 

Статистикаға сүйенер болсақ, Қазақстанда 500-ден аса жергілікті және шетелдік компаниялар еңбек етіп жатыр.

 

Александр Югай, Sanofi ОА және Кавказ, бас менеджері:

AMS Health компаниясының зерттеулеріне сүйенер болсақ, Қазақстанның фармацевтикалық нарығы 1,2 млрд. еуроға бағаланып отыр.

 

Нарық болашағын сөз еткен сарапшылар, алдағы уақытта орта және кіші компаниялардың арасында бәсеке артатын болады деп отыр. Топ-20 өзінің 2-5 пайыздық үлесін сақтап қалады. Қазақстандық ХимФарм ірі 3-ікке қосылады. Мемлекеттік сатып алудың арасында отандық құрылымдардың үлесі 50-70 пайыздың шамасында болады. 

 

 

 

Сурет: otyrar.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер