Қазақстандық бюджеттің кірістілігі 2015 жылдан бері қарай алғаш рет оң ала бастады. 7 айда республикалық бюджетке түскен қаржының ауқымы 3,2 трлн. теңгеге жетті. 2015 жылы аталған көрсеткіш 2,3 трлн-нан асқан жоқ. 2015 жылғы кіріс 2014-пен салыстырғанда 231,8 млрд-қа кем түсті, - деп жазды ranking.kz. Сарапшылардың пайымдауынша, өсімнің негізгі көрсеткіштері тауарлар мен қызметтерге тиесілі болған. Акциздар құнының 33,5 пайызға қымбаттауына байланысты, барлығы 467,3 млрд. теңге жинақталды. Шикізат саласымен байланысы жоқ, компаниялардың ұжымдық салығы 25 пайызға артып, 192,2 млрд болды. 

 

Сурет: today.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер