Маусым айында Ресей АҚШ-тың мемлекеттік қазынашылық құнды қағаздарындағы үлесін, 2,7 млрд долларға арттырып, 90,9 млрд-қа жеткізді. Жыл басынан өсім 18,9 млрд-ты құрап отыр, - деп хабарлайды Прайм агенттігі. Американың мемлекеттік облигацияларын ұстаушылардың арасында Ресей 16-шы орынды иеленіп отыр. Бір жылда Ресейс бір сатыға көтеріліп, Оңтүстік Кореяны артта қалдырды. Алайда, Сауд Арабиясын оза алған жоқ. Соңғысының көрсеткіштері 98,3 млрд-қа тең. Бір айда, мемлекет қоржынындағы 5,5 млрд. долларлық қағаздарын сатты. Ең ірі инвестор Қытай болып қалды, оның еншісінде Америка Үкіметінің 1,2 трлн. долларға бағаланған құнды қағаздары бар.

 

 

 

Сурет: www.thebalance.com 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер