2016 жылдың І жартысында кен орындарының өндірісіне салынған инвестициялар 151,8 млрд. теңге, өңдеуге кеткен қаржы 155 млрд-қа жетті. Өндіріске салынған қаржының ауқымы 14 пайызға төмендеп жатса, қайта өңдеу керсінше 3 пайызға өсті, - деп хабарлады energyprom.kz. І жарты жылдықтағы инвестициялардың құрылымы өзгерген жоқ. Кен орындарының өндірісіне салынған қаржының 54 пайызы жеке, 45 пайызы несиелер болды. Несиелердің 93 пайызы, шетелдік қарыз. Металл өнеркәсібіне салынған қаржының 37 пайызы жеке, 61 пайызы несиелер болды. Несиелердің 94 пайызы шетелдік қарыздар. Дайын металл өнімдері саласының 89 пайызы жеке инвестициялар, 11 пайызы шетелдік қарызға тиесілі болды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер