Экономика министрлігі экспортты қолдау үшін 45 млрд. теңге бағыттап жатыр

Қазақстандық экспортты қолдау үшін, еліміздің экономика министрлігі Ұлттық қордан 45 млрд. теңге бағыттап жатыр. 30 млрд. теңге БЖЗҚ-ынан бөлінеді. Ақпаратты Kapital.kz таратып отыр. Қазіргі таңда тауарлар экспортқа шығарып отырған компаниялар 2 млрд. теңгесін алды, оның 600 млн-ынан Ұлттық қор берді. Барлығы құны 9 млрд. теңге болатын 4 жоба мақұлданды. Құны 22 млрд. теңге болатын, 10 жоба қаралу үстінде.