Алдағы бірнеше жылда Қазақстанда орта және ірі компанияларға арналған қызметтік бағдарламаларды шығаратын кәсіпорын құрылады. Еліміздің ақпараттық технологиялар нарығы осы бағытта дамиды. Қазіргі экономикалық жағдайда, кез-келген компания өзінің арнайы бизнес модельін құрып отыруы қажет. Оның көмегімен өндіріс құны арзандап, шығындар қысқарып, кіріс ауқымы артады.

 

Дильда САБИТОВА, ҚБТУ САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 

Бірінші кезекте, барлығы жұмысшыларының KPI көрсеткіштерін білгісі келеді. Өңдеу және өндіріс салаларына бұл өте қажет және маңызды. Себебі, өндірістің қалай жүріп жатқандығын бақылап отырған компаниялардың саны артып жатыр. Әлемдік үрдістер Қазақстанға да келді. Бұл алып көлемді ақпараттардың өңделуі мен ғаламтор және өзге де қызметтер.

 

Қазақстандықтар үшін маңызды әрі қызық сала ретінде робот жасауды атап өтсек болады. Жоғары технологиялық графика мен қосымша шынайлылықты қоса алып жүрген құрылымдардың саны аз емес.

 

Дильда САБИТОВА, ҚБТУ САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 

Қазіргі таңда компьютерлі графика, жарнама агенттіктері мен баспаханаларда кеңінен қолданылып келеді. Инженерлік графикаға сұраныс артып жатыр. Өндіріс салада еңбек етіп жатқан компаниялар үшін, 3D-модельдерге сұраныс бар. Себебі, олар шығарған өнімдерін алдын ала тексеріп, қаржысын босқа жұмсағысы келіп отырған жоқ.

 

2016 жылы сарапшылардың пайымдауынша, компьютерлі графика мен ақпараттық технологиялар нарығының өсімі 10-15 пайызды құрайды. Қосымша өсімге, экономикалық жағдай әсер етеді. 

 

Сурет: 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер