АҚШ Үкіметі қарыздарының ауқымын 20 жылда болып көрмеген деңгейге дейін төмендетіп жіберді. 2015 жылы барлығы 140 млрд. долларға муниципалдық облигациялар шығарылды. Инфляцияға шаққанда бұл 2006 жылғы көрсеткіштен 53 пайызға кем. Ал, 1996 жылғы көрсеткіштен 21 пайызға төмен. Биыл қалалық басшылық өз қарызын 10 млрд. долларға арттырды, - деп жазды vedomosti.ru. Қаржының үнемделуі инвестициялар мен инфрақұрылымның дамуын тежеп отыр. АҚШ көлік, су, қуат, телекоммуникациялық инфрақұрылымдардың сұранысын қанағаттандыру үшін, 2030 жылға дейін, ІЖӨ-імінің 0,7 пайыздық бөлігін қарызға алуы қажет. 

 

Сурет: www.espanarusa.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер