KASE отандық компаниялар үшін листинг шараларын жеңілдетуді жоспарлап отыр. Ақпаратты Қазақстан қор биржасының өкілдеріне сілтеме жасай отырып, BNews.kz таратты. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл нарықта екінші эшалондағы компаниялардың санын арттыруға мүмкіндік береді. Осындай құрылымдардың акцияларында тәуекелдің көп болып отырғандығына байланысты, нарық қатысушылары оларды автоматтандырылған РЕПО бойынша өткізуді ұсынды. «Фридом Финанс» компаниясының басшылары нарықтағы кәсіби ойыншылардың арасында аталған құнды қағаздарға сұраныс жоғары болады деп отыр. 2016 жылдың сәуір айында KASE мен Атамекен палатасы бірлесіп еңбек ету үшін, арнайы меморандумға қол қойған еді. Осы келісім шарттың арқасында жылына кем дегенде 5 компанияны нарыққа шығарып отыру көзделген. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер