Базалық ставканың 15-тен 13 пайызға төмендетіліп отырғандығына қарамастан, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры, рұқсат етілген пайыздық сыйақының ауқымын сол қалпы 14 пайыз етіп қалдырды. Шетелдік валютадағы ставканың ауқымы 2 пайыз. Ақпаратты Қазинформ агенттігі таратып отыр. Ұлттық банктің деректеріне сүйенер болсақ, 2016 жылдың ақпан-маусым айларында халықтың салымдары 61,8 пайызға артып, 2 285 млрд. теңгеге жетті. Шетелдік валютадағы түрі 16,7% төмендеп, 4 811 млрд. теңгеден асты. Ақпан айында шетелдік валютадағы салымдардың ауқымы өзінің ең жоғарғы шегі 80,4 пайызға жеткен еді, қазір ол 67,8 пайызды құрап отыр. 

 

Сурет: www.bankrate.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер