Американың алкогольсіз сусындарды шығарып отырған Coca-Cola компаниясы шілденің бірінде аяқталатын ІІ тоқсанындағы көрсеткіштерінің төмендеп кеткендігін жеткізді. Таза операциялық кіріс 5,1 пайызға төмендеп, 11,5 млрд. доллар болды. Айта кететін жайт, төмендеу осымен 5 тоқсан қатарынан жалғасып жатыр. Төмендеуге, компанияның жаңа нарықтарындағы қолайсыз еңбек жағдайлары әсер етті. Әлемдік сусындарды шығарып отырған компанияның сауда басталар сәттегі акциялары 2 пайызға арзандап, 44 доллардан сатылды. 

 

Сурет: www.kursiv.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер