2016 жылдың маусым айында, ҚХР-сының ірі өндірістік компанияларының кірісі 616,31 млрд. юаньға жетті. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5,1 пайызға артық. Мамыр айымен салыстырғанда көрсеткіш 1,4 пайызға артып отыр. Ақпаратты ҚХР-сының мемлекеттік статистикалық басқармасының өкілдері таратты, - деп жазды Синьхуа. Қытайда мүмкіндігі 20 млн. юаньнан асып отырған компаниялардың барлығы ірі құрылымдар болып саналады. Маусым айындағы өсімге, өндіріс тауарлары мен нарықтар санының артуы және өнім құнының арзандауы әсер етті. 

 

 


Сурет: www.tianxia.link

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер