2016 жылы халықаралық туризм нарығы 20 пайызға артады. Қазақстанда шетелдік клиникалардың қызметтеріне сұраныс артып жатыр. Ел азаматтары Қазақстанда кездесе бермейтін ем-домды алу үшін, Израиль, Германия, Швейцвария, Түркия мен Қытайдың емханалаларына барады.

 

Айя ЖОЛАМАНОВА, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ:

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, 2015 жылы қазақстандықтар медициналық туризм саласына 208 млн. доллар жұмсады.

 

Сарапшылар мән беріп отырған тағы бір үрдіс, қазір медициналық турзим саласының географиясы Азия-Тынық мұхиты аймағына ауысып жатыр.

 

Айя ЖОЛАМАНОВА, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ:

 

Дәл осы мемлекеттерде қызметтердің құны арзандап кетті. Бұрын жүрек ауруларын емдеу, ауыр оталар жасау Қытай мен Сингапурда жоғары сұранысқа ие болса, қазір Корея бірінші орынғы шықты. Доллар мен еуро бағамының қымбаттауына байланысты, АҚШ, Швейцария мен Германия тиімсіз болып кетті.

 

Халықаралық емханалар қашанда әріптестікке дайын, олар елде бірлескен, заманауи техникамен жабдықталған орталықтарды ашып жатыр. Алдағы бірнеше жылда, сарапшылар қызметтерге сұраныс бірқалыпты жоғары болады деп отыр. 

 

Сурет: www.vestiturkey.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер