2016 жылы Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары жанармай өндірісін 13,6, дизель отынының өндірісін 10,6 пайызға арттырып жіберді. Қазақстан жаңалықтарының хабарлауынша, 2014 жылы нарықтағы төмендеу 29,4, 2015-те 15,8 пайызды құрады. Ағымдағы жылдың бірінші жартысындағы өсім, сарапшыларға сенім ұялатып отыр. Өндіріс ауқымы бойынша бірінші орында Павлодар облысы, кейін Атырау және Оңүстік-Қазақстан облыстары тұр. 2016 жылдың маусым айында АИ-92 жанармайының құны 15,7 пайызға қымбаттап кетті. АИ-95/96 7,2 пайызға өсті. АИ-98 3,2 пайыз қосты. Аи-80 2,3 пайызға қымбаттады. Дизель отыны орташа есеппен алғанда 2,8 пайызға қымбаттады. Сала мамандарының пайымдауынша, алдағы уақытта Үкімет елдегі жанармайдың құнын реттеп отырудан бас тартады. 

 

 

 

Сурет: goods-inform.blogspot.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер