2016 жылдың бірінші жартысында онлайн-несиелерді беріп отырған құрылымдардың несие портфельі 3,018 млрд теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы 436,3 млн теңгелік көрсеткіштен 6,92 есеге артық. Ақпаратты нарықта зерттеу жұмыстарын жүргізген MoneyMan компаниясы таратты. Жарты жылда Қазақстанда онлайн-қызметтері арқылы берілген несиелердің ауқымы 4,8 млрд теңгеге жетті, бұл 2015 жылдың І жартысымен салыстырғанда 4,9 есеге артық. Барлығы 102 мың келісім шартқа қол қойылды, бұл да 2015-тің көрсеткіштерінен 3,9 есеге артық. Қарызға беріліп отырған сомманың орташа көрсеткіштері де артып кетті. 2015 жылы ол 37,5 мың теңгені құраса, 2016-да 47 мыңға жетті. 

 

Сурет: creditmaster.info

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер